Алматының спорт басқармасы мен Turkish Airlines әуекомпаниясы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Басқарманың мәліметінше, келісім халықаралық жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарына қатысатын Алматы спортшылары мен құрама командалардың жол жүру жағдайын жақсартуға бағытталған.
Құжат аясында Алматының спортшыларына әуе тасымалы бойынша арнайы тарифтер ұсынылады. Бастама қала әкімінің бюджеттік шығыстарды оңтайландыру және спортшыларға халықаралық додаларға сапалы дайындалуға қолайлы жағдай жасау жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып отыр, — делінген хабарламада.

Ынтымақтастық шеңберінде:
-
әуе билеттеріне арнайы жеңілдіктер қарастырылады;
-
спорттық жабдықтарға қосымша тегін багаж ұсынылады;
-
билеттерді қайтару мен айырбастаудың икемді шарттары енгізіледі;
-
қызмет көрсету мен ұшу қауіпсіздігінің жоғары стандарттары сақталады.
Тарифтер халықаралық жарыстарға қатысатын спортшылардың жол шығынын азайтып, бюджет жүктемесін төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар командалар үшін қолайлы әрі тиімді ұшу шарттары қамтамасыз етіледі.
