Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Шымкентте 8 наурызда көпбалалы аналарға 21 мыңнан беріледі

Фото: Ерқанат Аманкел

Не болды?

Шымкентте 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай көпбалалы аналарға 21 мыңнан беріледі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Шымкент әкімдігінің мәліметіне қарағанда, жалпы 14 267 ананы қаржылай қолдау жоспарланған. Әкімдік азаматтарға арналған үкімет сайтындағы дерек бойынша тізім жасаған.

2026 жылғы 8 наурызға дейін тұрақты тіркеудегі:

  • «Алтын» алқа;
  • «Күміс» алқа;
  • «Батыр ана» атағы;
  • I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордені барлар әлеуметтік төлем алады.

Көпбалалы аналарға 5 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) – 21 625 теңге беріледі.

Контекст

Естеріңізге салайық, 8 наурызға орай ерекше құттықтаулар мен тілектер топтамасы жарияланған еді.

Мақалаға реакция