Не болды?
4 наурызда Таяу Шығыстан 946 қазақ жолаушы мінген бірнеше ұшақ ел әуежайыларына келіп қонды. Бұл туралы Barіbar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Көлік министрлігінің мәліметіне қарағанда, Медина мен Жиддадан Air Astana-ның бірнеше ұшағы елге оралды.
Жалпы 946 қазақ жолаушы елге қайтарылды. Оның ішінде:
- KC2202 ұшағына мінген 142 адам Ақтауға кеше 21:28-де қонды;
- KC2208 Медина – Атырау бағытындағы ұшақ бүгін 01:19-да қонды, бортта 145 адам;
- KC2206 Жидда – Атырау бағытындағы ұшақ сағат 02:50-де қонды, бортта 174 адам;
- KC2204 Жидда – Атырау бағытындағы ұшақ сағат 03:34-те қонды, бортта 179 адам бар.
Бұдан бөлек, SCAT әуе компаниясының Boeing 767 ұшағы Алматы – Маскат – Алматы бағытында қатынап жатыр. Ұшақта шамамен 290 жолаушы орны бар. Министрліктің хабарлауынша, Қазақстан азаматтарын елге қайтару ісі әлі жалғасып жатыр.
Контекст
Естеріңізге салайық, Дубайда қалып қойған қазақтардың бірінші легі елге оралды.
