Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Алматыда жолақы Аvtobys жүйесі арқылы төленеді

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
4 наурыздан бастап Алматыдағы бірқатар қоғамдық көлік маршрутында Avtobys электрон жүйесі арқылы жолақы төлеу мүмкіндігі пайда болады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қалалық жол қозғалысы және жолаушылар көлігі басқармасының мәліметінше, жаңа қызмет №51, 117, 219, 221, 228, 234 және 258 маршруттарында іске қосылады. Аталған бағыттарға Avtobys төлем құрылғыларымен жабдықталған 82 автобус шығарылады.

Жолаушылар жолақыны QR-код, Bluetooth, көлік нөмірі, NFC немесе банк картасы арқылы Avtobys мобайл қолданбасымен төлей алады. Төлем бірнеше секунд ішінде жасалып, бірден расталады. Қызметті пайдалану үшін қолданбаны App Store, Google Play немесе AppGallery платформаларынан жүктеп, телефон нөмірі арқылы тіркеліп, смарт-әмиян балансын толтыру қажет, — делінген хабарламада.

Avtobys — Қазақстанның 20-дан астам қаласында жұмыс істейтін цифрлық төлем жүйесі. Алматыда жүйені енгізу қолма-қол ақшасыз төлем мүмкіндіктерін кеңейтіп, қалалық көлікті тұрғындар мен қонақтар үшін заманауи әрі ыңғайлы етеді.

Мақалаға реакция