Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Қай өңірдегі балалар қызылшаны көбірек жұқтырған?

Фото: Depositphotos.com

Не болды?

Елімізде қызылшаға қарсы шара күшейтілді. Науқастардың басым бөлігі — екпе алмаған 14 жасқа дейінгі балалар. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жағдай тұрақталғанша 6-10 айлық балаларды және бұрын екпе алмаған 2-5 және 7-18 жастағы балаларды иммундау енгізілді. Қызылша жұқтырғандар саны өткен аптада 417 болса, осы аптада 311 науқас анықталды. Алайда эпидемиология жағдайы әлі де тұрақсыз.

Қай өңіріндегі балалар қызылшаны көбірек жұқтырған?

  • Астанада — 81;
  • Алматыда — 48;
  • Алматы облысында — 57;
  • Батыс Қазақстан облысында — 29;
  • Атырау облысында — 57;
  • Қостанай облысында 57 дерек тіркелген.

Биыл 18 жасқа дейінгі 8,1 мың адам екпе алған. Оның ішінде:

  • 6-11 айлық — 36,7 мың бала;
  • жоспарлы вакцинациялау бойынша бір жастағы — 21,4 мың бала (6,7%);
  • алты жастағы — 17 мың бала (4,7%) вакцина салдырды.

Контекст

Естеріңізге салайық, жаңа қаулы бойынша, қызылшаға қарсы екпе алмаған балалар мектеп пен балабақшаға кіре алмайды.

Exit mobile version