Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Алматыда «Сарыарқа» мен «Алматы-1» базарлары жаңарып жатыр

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Алматыда заманауи сауда инфрақұрылымын дамытуға және қалалық ортаның сапасын арттыруға бағытталған базарларды жаңғырту жұмыстары жүйелі түрде жалғасып жатыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мәліметінше, Алматы аумағында бүгінде 51 базар жұмыс істейді. Соның 32-сі толықтай жаңғыртылып, құрылыс жұмыстарының барлық кезеңі аяқталған.

Қазіргі уақытта тағы 19 базарда жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Оның ішінде бес нысандағы құрылыс 2026 жылдың соңына дейін толық аяқталады деп жоспарланған.

Биыл қаладағы «Сарыарқа» және «Алматы-1» базарларында жаңғырту жұмыстары толық аяқталды. Жаңартылған сауда алаңдары заманауи талаптарға сай келіп, кәсіпкерлер мен келушілер үшін анағұрлым жайлы, қауіпсіз және қолайлы жағдай қалыптастырып отыр.

Басқарма мәліметінше, бұл жобалар ашық әрі заманауи сауда ортасын қалыптастыруға, көлеңкелі экономиканың үлесін азайтуға, салық түсімдерін арттыруға және қаланың инвестициялық тартымдылығын күшейтуге ықпал етеді.

Exit mobile version