Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Эбола індеті қайта өршіді: Угандада 100-ден астам адам карантинге жабылды

Фото: ТАСС
Уганда билігі Эбола індетінің таралуының алдын алу мақсатында 100-ден астам адамды карантинге жапты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Report агенттігінің мәліметінше, оқшауланған азаматтар тұрақты медициналық бақылауға алынған. Дәрігерлер олардың денсаулығын бақылап, инфекция белгілерінің бар-жоғын үнемі тексеріп отыр.

Уганда билігі бұған дейінгі індеттермен күрес тәжірибесі қазіргі қауіпке жедел әрі тиімді әрекет етуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Қазіргі уақытта індеттің негізгі ошағы ретінде Конго Демократиялық Республикасының шығысындағы Угандамен шекаралас Итури провинциясы аталып отыр.

Фото: Hajarah Nalwadda / AP / ТАСС

Жергілікті денсаулық сақтау қызметтерінің деректері бойынша, Конгода 500-ден астам ықтимал инфекция жағдайы тіркеліп, 130-дан астам адам қайтыс болған. Ал Угандада әзірге Эболаның бір расталған жағдайы мен бір өлім фактісі анықталды.

Айта кетейңк, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Конго Демократиялық Республикасы мен Угандадағы Эбола індетінің өршуіне байланысты халықаралық деңгейдегі төтенше жағдай жариялаған болатын.

Exit mobile version