Не болды?
Елімізде қызылшаға қарсы шара күшейтілді. Науқастардың басым бөлігі — екпе алмаған 14 жасқа дейінгі балалар. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жағдай тұрақталғанша 6-10 айлық балаларды және бұрын екпе алмаған 2-5 және 7-18 жастағы балаларды иммундау енгізілді. Қызылша жұқтырғандар саны өткен аптада 417 болса, осы аптада 311 науқас анықталды. Алайда эпидемиология жағдайы әлі де тұрақсыз.
Қай өңіріндегі балалар қызылшаны көбірек жұқтырған?
- Астанада — 81;
- Алматыда — 48;
- Алматы облысында — 57;
- Батыс Қазақстан облысында — 29;
- Атырау облысында — 57;
- Қостанай облысында 57 дерек тіркелген.
Биыл 18 жасқа дейінгі 8,1 мың адам екпе алған. Оның ішінде:
- 6-11 айлық — 36,7 мың бала;
- жоспарлы вакцинациялау бойынша бір жастағы — 21,4 мың бала (6,7%);
- алты жастағы — 17 мың бала (4,7%) вакцина салдырды.
Контекст
Естеріңізге салайық, жаңа қаулы бойынша, қызылшаға қарсы екпе алмаған балалар мектеп пен балабақшаға кіре алмайды.

