Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Ақмола облысында жоғалған ер адам қар құрсауынан табылды

Фото: Рolisia.kz
Ақмола облысында жоғалып кеткен 35 жастағы ер адам табылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ер адам кеше Целиноград ауданына қарасты Жаңажол ауылынан алты шақырым жерде орналасқан шаруа қожалығына жаяу шыққан. Алайда жолдың болмауына байланысты қалың қарды кешіп жүруге мәжбүр болған.

Іздестіру іс-шаралары барысында құтқарушылар мен медицина қызметкерлері оны тауып алды. Мамандар ер адамның аяқтарынан үсік шалу белгілерін анықтаған. ТЖМ қызметкерлері зардап шегушіні жол талғамайтын техникамен жақын маңдағы елді мекенге жеткізіп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды, — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ер адамның жағдайы тұрақты. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ол үйіне жіберілген.

Мақалаға реакция