Келесі қысқы олимпиада ойындары 2030 жылғы 1–17 ақпан аралығында Франция Альпілері аймағында өтеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Бұл шешім 2024 жылғы 24 шілдеде Париж қаласында өткен Халықаралық олимпиада комитетінің 142-сессиясында қабылданды.
Жарыс бағдарламасына шайбалы хоккей, фристайл, сноуборд, бобслей, шана спорты, тау шаңғысы, тұғырдан секіру, биатлон, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек және коньки спорты секілді қысқы спорт түрлері енгізілген. 2030 жылғы олимпиада Францияның тау кластерлерін біріктіретін ауқымды халықаралық спорттық іс-шара болады.
Еске салайық, Қазақстан құрамасы Италияда өткен 2026 жылғы қысқы олимпиада ойындарын бір алтынмен аяқтады.
Медаль кестесінде Қазақстан 19-орынға жайғасты. Жалпы есепте Норвегия көш бастады. Екінші орынды АҚШ иеленсе, үздік үштікті Нидерланд құрамасы түйіндеді.
