Басты бет / Жаңалықтар /
трасса, жол жабық, тұман,
Фото: Depositphotos.com

«ҚазАвтоЖол» 2 облыста жол қозғалысына шектеу енгізді

«ҚазАвтоЖол» ауа райының күрт нашарлауына байланысты екі облыста көлік қозғалысына уақытша шектеу қойды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Компанияның мәліметінше, 2026 жылғы 20 ақпан сағат 10:30-дан бастап келесі республикалық автожол учаскелерінде барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу енгізілді:

Ақтөбе облысы:

  • «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 965–1240 шақырым аралығы (Қарабұтақ ауылы – Қызылорда облысы шекарасы).

Қызылорда облысы:

  • Осы автожолдың 1240–1362 шақырым аралығы (Ақтөбе облысы шекарасы – Арал қаласы).

Жолды 2026 жылғы 20 ақпан сағат 21:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok