Газадағы Халықаралық тұрақтандыру күштерін (ISF) басқарушы генерал-майор Жаспер Жефферс бес мемлекет өз әскерін жаңа қауіпсіздік құрылымына бағыттайтынын айтты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Анадолы агенттігінің мәліметінше, Жефферс Уашиңтондағы Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысында сөйлеп, Индонезия, Марокко, Қазақстан, Косово және Албания әскер жіберетінін, ал Мысыр мен Иордания полиция күштерін оқытатынын айтты. Сонымен қатар Индонезия күштердің орынбасары қызметін атқаратыны жарияланды.
Бұл алғашқы қадамдар арқылы біз Газадағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, болашақтағы өркендеу мен тұрақты бейбітшілікке жол ашамыз, — деді генерал-майор.
