Басты бет / Жаңалықтар /
a13a1a882f0fd8b3baf5a1629f4869ef 8 наурызға орай қосымша 122 вагон іске қосылады
Фото: Бақдәулет Әбдуалы. Фото 2020 жылдың қарашасында түсірілген.

8 наурызға орай қосымша 122 вагон іске қосылады

Ұлттық тасымалдаушы Халықаралық әйелдер күніне орай қосымша вагондар тағайындайды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні қарсаңында солтүстік, оңтүстік және батыс өңірлерде, сонымен қатар қала маңы бағыттарында қосымша тіркемелі вагондар тағайындайды.

Жалпы саны 122 тіркемелі вагон қосылып, шамамен 6 мыңға жуық жолаушыны қосымша тасымалдауға мүмкіндік береді, — делінген хабарламада.

Компанияның мәліметінше, қосымша вагондар Астанадан Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Өскемен және өзге де қалаларға қатынайтын сұранысы жоғары бағыттарға енгізіледі.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok