Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Синоптиктер Астана тұрғындарына ескерту жасады

Фото: istockphoto
«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

2026 жылғы 18 ақпанда Астана қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, — делінген хабарламада.

Синоптиктердің мәліметінше, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфераның беткі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді факторлардың жиынтығы. Олардың қатарында тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман және ауа инверсиясы бар.

Мұндай жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы уақытша нашарлауы мүмкін. Мамандар тұрғындарға денсаулыққа назар аударып, әсіресе созылмалы тыныс алу аурулары бар адамдарға сақ болуға кеңес береді.

Мақалаға реакция