Алматы облысында әйелді бір топ ит талап тастады

Алматы облысына қарасты Қарасай ауданының Ұмтыл ауылдық округінде 52 жастағы әйелді бір топ ит талап тастады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталған.

Иттердің 52 жастағы әйелге шабуыл жасауы фактісі бойынша полиция қылмыстық іс тіркеді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы орган өкілдері жұмыс істеп жатыр. Жәбірленушіге қажет медициналық көмек көрсетілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып, процессуалдық тексеру жүргізіліп жатыр. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында иттердің иесі 60 жастағы күдікті анықталды, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ол заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.