Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Петропавлда Назарбаев мектебінің оқушысы терезеден құлап кетті

Фото: Qazaqstan Media
Петропавлдағы Назарбаев зияткерлік мектебінде 18 жастағы оқушы жатақхананың үшінші қабатынан құлап, ауыр жарақат алды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Qazaqstan Media басылымының мәліметінше, оқиға 17 ақпанда болған. Жасөспірім көпсалалы қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілген.

Солтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқас кеуде және бел омыртқасының, сонымен қатар екі өкше сүйегінің ауырсынуына шағымданған.

Дәрігерлер оны шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызған. Оқушының бел омыртқасы III дәрежелі, дене мүшесі II дәрежелі жабық сынған. Сонымен қатар екі өкше сүйегі де жабық сынған. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы ауыр, — делінген хабарламада.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ведомство өкілдерінің мәліметінше, оқиғаның мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Мақалаға реакция