Не болды?
ЕGov Mobile қолданбасында тауардың заңды, заңсыз екенін цирфлы код арқылы тексеруге болады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мәліметіне қарағанда, тұтынушылар eGov Mobile қолданбасындағы цифрлы кодты сканерлеп, тауардың түпнұсқа екеніне көз жеткізе алады. Сонымен қатар, негізгі сипаттама, өндіруші, өнімнің шыққан күні туралы ақпарат көрсетіледі.
Тауарды қалай тексеруге болады?
- ЕGov Mobile қолданбасына тіркеліп, «Сервистер» бөліміне кіру;
- «Naqty Onim» сервисін таңдап, деректерді бөлісуге келісім беру;
- «Бастау» батырмасын басып, смартфон камерасын Data Matrix кодына бағыттау керек.
Қандай тауарды сканерлеуге болады?
Бұл қызмет арқылы Data Matrix коды бар тауарларды тексеруге болады. Қазір елімізде 2024 жылғы 1 шілдеден бастап шығарылған дәрі-дәрмек, темекі мен аяқкиімдер цифрмен таңбаланады. 2024 жылға дейін шығарылған дәрілер сканерде көрінбеуі мүмкін.
Биыл 1 ақпаннан бастап сыра мен мотор майлары біртіндеп таңбаланады. Ал жыл аяғында жеңіл өнеркәсіп тауарларына да цирфлы код енеді. Сонымен қатар қазір пилот режимінде биологиялық белсенді қоспалар, медициналық бұйымдар, химия өнімдері, газ баллондар және өсімдік майын таңбалау сынақтан өтіп жатыр.
Контекст
Естеріңізге салайық, азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу тек онлайн форматта – eGov.kz порталы мен eGov Mobile қолданбасы арқылы жүзеге асады.
