Алматыда 2026 жылғы 21 ақпанда Almaty Creative алаңында Almaty Animation Festival Mini анимация фестивалі өтеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Almaty Animation Festival осымен төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. 2026 жылы фестиваль екі кезеңнен тұрады: қысқы AAF Mini және тамыз айында өтетін негізгі жазғы кезең.
Қысқы кезеңнің ерекшелігі
AAF Mini анимация саласындағы қауымдастықты біріктіруге, жобаларды әзірлеуден бастап оларды монетизациялауға дейінгі практикалық бағыттарға арналады.
Айта кетейік, бұған дейін анимациялық байқау Baiqonyr Film Festival аясында ұйымдастырылған. 2023 жылдан бастап анимациялық бағыт жеке фестиваль ретінде бөлініп, Almaty Animation Festival атауымен өткізіле бастады.
Фестивальдің арт-директоры Иван Ардашовтың айтуынша, AAF Mini – авторлар мен студиялар ашық диалог құрып, тәжірибе алмасатын, серіктестер табатын және нарықта жұмыс істеудің нақты шешімдерін талқылайтын кәсіби платформа.
Фестиваль миссиясы – қазақ анимациясының дамуын қолдау. Біз кәсіби алаң құрып, аудиторияны кеңейтетін, жобалардың танымалдығын арттыратын, халықаралық ынтымақтастықты дамытып, индустриялық серіктестіктерді нығайтатын фестиваль бағдарламасын ұсынуды мақсат етеміз, – дейді Иван Ардашов.
Бағдарламада не бар?
AAF Mini 2026 аясында:
-
Сторибордиң бойынша шеберлік сабағы (Евгения Барбакова)
-
Продюсерлік бойынша шеберлік сабағы (Мұрат Тәңірберген)
-
ISD Rubika анимация мектебі түлектерінің жұмыстары
-
Reanimation студиясының коллаж-анимация шеберлік сабағы
-
Анимациялық квиз
-
«Коммерциялық анимацияда қалай табысқа жетуге болады?» панельдік пікірталасы
-
Күні бойы жұмыс істейтін «Авторлар аллеясы» мини-жәрмеңкесі.
Бағдарлама туралы толығырақ Almaty Animation Festival фестивалінің Instagram-парақшасында танысуға болады.
