«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы мәлімдеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожол учаскелерінде көлік қозғалысы уақытша шектелді:
Ақтөбе облысы
-
«Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы» автожолы, 104–337-шақырым (Қандыағаш қаласы – Атырау облысының шекарасы);
-
«РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолы, 776–965-шақырым (Ақтөбе қаласы – Қарабұтақ кенті).
Атырау облысы
-
«Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы (Құрманғазы бекеті)» автожолы, 337–346-шақырым (Ақтөбе облысының шекарасы – Сағыз кенті).
Ақмола облысы
-
«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолы, 16–200-шақырым (Астана қаласы – Павлодар облысының шекарасы).
Павлодар облысы
-
«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолы, 200–254-шақырым (Ақмола облысының шекарасы – Шідерті кенті);
-
Аталған автожолдағы «Қалқаман» жолайрығы учаскесінде (Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығар жол) қозғалыс шектелген.
Шығыс Қазақстан облысы
-
Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46–66-шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс мезгілі аяқталғанша сақталады.
Компания өкілдері жүргізушілерге жолға шықпас бұрын ахуалды нақтылап, алыс сапарларды кейінге қалдыруды және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды ұсынды.
