Не болды?
Қысқы олимпиада тарихында алғаш рет анасы мен ұлы жарыс жолына қатар шықты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Olympics.com мәліметіне қарағанда, Сара Шлепер мен Лассе Хахиола – Мексика құрамасының тау шаңғышылары. Милан – Кортина қысқы олимпиада ойындарында Сара Шлепер алып слалом мен супергиганттан 26-орынға табан тіреді. Сараның ұлы Лассе Хахиола да осы сайыста бақ сынады. Алайда Лассе мәреге жете алмады.
Анықтама
Сара Шлепер – 46 жастағы тау шаңғысы бойынша әйелдер арасында олимпиадаға ең көп қатысқан спортшы. Биыл ол олимпиадаға жетінші рет қатысып отыр. Бұған дейін жарыстарға АҚШ құрамасының атынан қатысқан. 2011 жылы спорттағы еңбек жолын тоқтатып, 2015 жылы Мексика құрамасының спортшысы ретінде қайта оралған.
Хахиола Мексика – 18 жастағы тау шаңғышы. Биыл олимпиадаға алғаш рет қатысып отыр.
Контекст
Естеріңізге салайық, 2026 жылғы қысқы олимпиадада Қазақстанның мәнерлеп сырғанаушысы Михаил Шайдоров алтын медаль жеңіп алды.
17 ақпанға арналған Қазақстан спортшыларының жарыс кетсесі жарияланды.
Итальян шорт-трекші қысқы олимпиададан он екінші жүлдесін алды.
