Аида Балаева еліміздегі ажырасудың негізгі себебін атады

Қазақстанда заңды неке қию мен ажырасу көрсеткіші төмендеген. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді.

Отбасы туралы ұлттық баяндама бойынша, азаматтардың 95,4%-і отбасылық қатынастарды қолдайды. Ұлттық статистика бойынша 2023 жылы 2022 жылмен салыстырғанда некеге тұру 5,9%, ал ажырасу 5,3%-ке азайды, — деді Аида Балаева сенатта өткен үкімет сағатында жасаған баяндамасында.

Сонымен қатар министрдің ажырасудың негізгі себептерін атады. Ол – ішімдікке салыну, ерлі-зайыптылардың біреуінің нашақорлығы — 61,7%, тұрмыстық зорлық-зомбылық -51,1%, сенімсіздік – 0, 47%, лудомания-38,4%.

Жүргізілген зерттеуге сәйкес, қазақстандықтар көрсеткен ажырасудың себебі (20%) бала туа алмау, әрбір алтыншы отбасы осындай жағдайға тап болып отыр, — деді ол.