Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Кейінгі екі айда елімізде қызылша ауруы 38%-ке төмендеді. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Қосымша иммундау шеңберінде вакциналауға жататын адамдардың 92% екпе алған.

Бұл ретте қызылшамен сырқаттанғандарды тіркеу әлі де жалғасып жатыр. Осыған байланысты ата-аналар балаларында қызылшаға қарсы екпенің болуын қадағалауы қажет. Вакциналау болмаған жағдайда тіркелген жері бойынша емханада вакцина алуды ұсынамыз, — деп жазды министрлік.