Талғар қаласының әкімі Арыстанбек Әбілқайырұлы қызметінен кетті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Әкімдіктің мәліметінше, Арыстанбек Әбілқайырұлы бұл шешімді денсаулық жағдайына байланысты қабылдаған.
Оның мәліметінше, кейінгі уақытта емделуге және еңбек демалысына шығуға мәжбүр болған. Денсаулығы қызметтік міндеттерін толық әрі жауапкершілікпен атқаруға кедергі келтірмеуі үшін өкілетін тоқтатуды дұрыс деп санаған.
Айта кетейік, Арыстанбек Әбілқайырұлы Талғар қаласының әкімі болып 2024 жылғы желтоқсанда өткен сайлауда жеңіске жетіп, тағайындалған. Ол бұл қызметті бір жыл екі ай атқарды.
