2025 жылы Алматы туризм саласында тұрақты өсімге қол жеткізді. Қалаға тоғыз ай ішінде шамамен 1,87 миллион адам келген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8%-ға көп. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Қалалық туризм басқармасы өлілдерінің мәліметінше, туристердің 563 мыңнан астамы шетел азаматтары, ал 1,3 миллионнан астамы ішкі туристер.
Туризм саласында инвестициялар 39,4%-ға өсіп, 198,8 миллиард теңгеге жеткен. Жеке инвестициялар есебінен 48 жаңа туристік нысан — қонақүйлер, жатақханалар және демалыс базалары ашылды.

Bloomberg Алматыны әлемнің 25 үздік қаласының қатарына қосты. Booking.com дерегінше, ол Орталық Азияның тез дамып келе жатқан 10 туристік бағытының бірі. CNN және The Telegraph қаланы аймақтың негізгі туристік нүктесі ретінде атап өтті.
