Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Елнұр Бейсенбаевтың депутаттық өкілеті тоқтады

Фото: Ақорда
Мәжілісмен Елнұр Бейсенбаевтың депутаттық өкілеті мерзімінен бұрын тоқтады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Жалпы отырыста мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаевтың өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі қаралды. Осы аптада ол Қазақстан президенті әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі меңгерушісі қызметіне тағайындалған болатын. Депутаттар қаулыны бірауыздан қолдап дауыс берді.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Елнұр Бейсенбаевқа бірлесіп атқарған жұмыс үшін депутаттар корпусы атынан алғыс айтты.

Экс-депутат мәжілістегі әріптестеріне ризашылығын білдіріп, бес жылдық қызметте депутаттардан не үйренгенін айтты.

Еске салайық, бұған дейін Елнұр Бейсенбаев президент әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалған болатын.

Мақалаға реакция