Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар республикалық маңызы бар автожолда қозғалыс шектелді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Ақтөбе облысында KAZ 09 «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы (Құрманғазы бекеті)» автожолының 104–337-шақырымында (Қандыағаш қаласы – Атырау облысының шекарасы) көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды.
Шығыс Қазақстан облысында «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» жолының 1013–1062-шақырымында және «Өскемен – Семей» автожолының 12–103-шақырымында қозғалысқа шектеу енгізілді.
Абай облысында бірнеше бағытта жол жабылды. Атап айтқанда, «Өскемен – Семей», «Семей – Қайнар», «Семей – Павлодар – РФ шекарасы», «Семей – РФ шекарасы», сондай-ақ Қытай Халық Республикасымен шекараға шығатын бағыттардағы бірқатар учаскелерде қозғалыс тоқтатылды.
Жетісу облысында KAZ08 «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 561–615-шақырымында (Үшарал қаласы – Абай облысының шекарасы) көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Жамбыл облысында KAZ01 «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 750–897-шақырымында (Қарағанды облысы шекарасы – Бурылбайтал ауылы) жол жабылды.
Ақмола облысында «Жезқазған – Арқалық – Петропавл», «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы», сондай-ақ Павлодар және Қарағанды бағыттарындағы бірнеше республикалық жолдарда қозғалыс шектелді.
Қарағанды облысында «Астана – Қарағанды – Алматы», «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті», «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Боғаc» бағыттарындағы жол учаскелері жабылды.
Павлодар облысында KAZ20 «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» автожолында және «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» жолындағы Қалқаман жол айрығында қозғалыс уақытша тоқтатылды. Аталған айрықта жол өткелінің арқалықтары зақымдануына байланысты Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығу жабық.
Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысындағы Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысына қосымша шектеу енгізілді. Бұл шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46–66-шақырымында қыс аяқталғанша сақталады.
«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерді алыс сапарды кейінге қалдыруға және жолға шығар алдында қозғалыс жағдайын нақтылап алуға шақырады.
