Ерлан Өтегенов бас прокурордың орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Рақымжанұлы Өтегенов Қазақстан Республикасы бас прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды, — делінген Ақорда хабарламасында.
Ерлан Өтегенов 1997 жылдан бастап прокуратура органдарында жұмыс істеп келеді.
2022 жылдан бері Астананың прокуроры қызметін атқарған. Еңбек жолын Алматы облысындағы құзырлы органдардан бастаған ол кейін бас прокуратурада маман, Астана прокурорының орынбасары қызметтерін атқарған.
