Басты бетДанияр Елеусінов...

Данияр Елеусінов кәсіпқой боксқа ауыспайтын болды

69 келі салмақта Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой боксқа ауыспайтын болды.

Ол жылдың басында Майк Алматура басқаратын автсралиялық MJA Entertainment промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасаған еді. Бірақ, компания өз сөзінде тұрмаған. Сондықтан боксшы промоутерлік компаниямен де, Майк Алматурмен де келісімшартты бұзыпты.

«Мен де, Данияр Елеусінов те MJA Entertainment промоутерлік компаниясымен де, Майк Алматурамен де келісімшартты бұздық. Өйткені, олар келісімшарт бойынша уәде еткен нәрселерін істеген жоқ. Кәсіпқой бокстан түскен басқа нұсқаларды әлі қарастырып жатқан жоқпын. Жуық арада карьерамды қалай жалғастыратыным туралы нақты шешім қабылдаймын», — дейді Дычко бұл мәселеге қатысты.

Қаңтар айында белгілі болғандай Данияр Елеусінов пен Иван Дычко ақпан айында АҚШ-та жаттығу жұмыстарына кірісіп, мамыр айында Қытайда бірінші жекпе-жектерін өткізу керек еді. Ал шығынды толық промоутерлік компания өз мойынан алуы керек болған. Бірақ, екі боксшы да әлі күнге дейін жаттығуға кіріскен жоқ. Ол туралы ресейлік боксшы Сергей Ковалевтің бұрынғы бапкері Дерек Сантос-Россарио айтты.

ДереккөзVesti.kz