Иван Дычко: Энтони Джошуамен кездескім келеді

«Кәсіпқой бокста Энтони Джошуамен бірінші кездесуімді өткізгім келеді. Бұл жерде кек алу үшін емес. Өйткені, мен оны Лондонда жеңдім деп ойлайтынмын. Егер ол Владимир Кличконы жеңіп, чемпиондық атағын сақтап қалса, екеусіз жекпе-жек ұйымдастыруымыз мүмкін», — дейді Дычко.

Айта кетейік, Дычко мен Джошуа 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарының жартылай финалында кездескен болатын. Бірақ ол кезде отандасымыз британдық боксшыдан жеңіліп қалды.

Еске салайық, 26 қаңтар күні Дычко Данияр Елеусінов жұмыс істейтін «MJA Entertainment» промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасаған еді. 

ДереккөзVesti.kz