Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

852 млрд доллар: Илон Маск әлемдегі ең бай адам болды

Фото: Depositphotos.com

Не болды?

Илон Маск ең бай адам болды. Оның байлығы 800 миллиард доллардан асты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Forbes мәліметінше, SpaceX және xAI компаниялары біріккен соң, Масктың байлығы 84 миллиард доллар артқан. Сөйтіп ендігі оның байлығы 852 миллиард доллар болып отыр. Бұл – рекордтық көрсеткіш.

Бұдан бөлек, Илон Маск Tesla компаниясының 12% акциясына (178 млрд. доллар) және акция опционына (124 млрд. доллар) иелік етеді. Қазір Масктың байлығы әлемдегі екінші ең бай адам, Google-дың негізін қалаушы Ларри Пейдждің 281 млрд. долларлық байлығынан асып түсті.

Анықтама

SpaceX – зымыран шығаратын ғарыш компаниясы.

xAI – жасанды интеллект пен әлеуметтік медиаға мамандандырылған компания.

Контекст

Естеріңізге салайық, Илон Масктың SpaceX компаниясы өзінің xAI компаниясын сатып алған еді.