Не болды?
2026 жылғы наурыз айынан бастап «Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім беру басталуы мүмкін. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
«Отбасы банк» өкілдерінің мәлімдемесіне қарағанда, ипотекаға құжат наурыздың қай күні қабылданатыны енді нақтыланады.
«2025 жылы бағдарламаны жүзеге асыру үшін 46,5 млрд теңге бөлінді. «Алматы жастары» бағдарламасының пайыздық мөлшерлемесі — 5%. Алғашқы жарна 10%-дан аз болмауға тиіс», — деді «Отбасы банк» АҚ Алматы филиалы директорының орынбасары Кәмшат Оңалбаева Qazaqstan.tv арнасына берген сұхбатында.
Былтыр қанша адам үй алған?
Былтыр «Алматы жастары» бойынша, 18-35 жас аралығындағы 2 189 адам баспаналы болды. Жоба 2017 жылы іске қосылған. Содан бері үйлі болған жастар саны – 8 мыңнан асты.
Контекст
Естеріңізге салайық, 2025 жылдан бастап «Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасы арқылы несиелендіру мөлшері 18 миллион теңгеден 20 миллион теңгеге дейін ұлғайған еді.
