Қазақстанның бірқатар өңірінде ауаның ластану қаупі бар

«Қазгидромет» РМК 2026 жылғы 4 ақпанда еліміздің бірқатар өңірінде ауа сапасының нашарлау қаупі бар екенін ескертті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Синоптиктердің мәліметінше, Қарағанды және Теміртау қалаларында, сонымен қатар түнгі уақытта Астанада ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына әсер ететін қысқамерзімді факторлармен байланысты. Оларға тымық ауа райы, желдің әлсіз болуы, тұман және температуралық инверсия жатады.

Мұндай жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы төмендеп, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.