Не болды?
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, актер, режиссер Балтабай Сейітмамытұлы өмірден өтті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Суық хабарды ақпарат және мәдениет министрлігі жеткізді. Балтабай Сейітмамытұлы – Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер академиялық театры мен Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрының алтын қорына айналған қойылымдарда ойнаған актер.
Ұлттық мәдениеттің дамуына сүбелі үлес қосқан Балтабай Сейітмамытұлының жарқын бейнесі, шығармашылық мұрасы мен ғибратты ғұмыр жолы халқымыздың жадында мәңгі сақталады деп сенеміз, — деп хабарлады министрлік.
Ақпарат
Балтабай Сейітмамытұлы — 1950 жылғы 11 сәуірде Алматы облысы, Жамбыл ауданының Қастек ауылында дүниеге келген. “Жүрегім ашық жақсыға” кітабының, спектакль рецензияларының авторы.
I. Есенберлиннің «Ғашықтар» (Амантай), Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» (Қозы), С. Жүнісовтың «Жаралы гүлдер» (Военком), А.П. Чеховтың «Шағала» (Тригорин), Ш. Мұртазаның «Бесеудің хаты» (Иванов), «Қызыл жебе» (Жармұханбетов), Е. Төлеубайдың «Жерұйық» (Бастық) шығармаларында және басқа да туындыларда ойнаған.
