«ҚазАвтоЖол» еліміздегі республикалық маңызы бар автожолдың қазіргі жағдайы туралы мәлімет жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Ұлттық команияның мәліметінше, 2026 жылғы 3 ақпан сағат 08:00-ден бастап ауа райының тұрақталуына байланысты республикалық маңызы бар бірқатар автожолда көліктің барлық түрі үшін қозғалыс қайта ашылды.
Қызылорда облысында қозғалыс келесі учаскелерде жанданды:
- «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1474–1806 шақырым аралығы, яғни Әйтеке би ауылынан Қызылорда қаласына дейін;
- «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 12–216 шақырымы, Қызылорда қаласынан Ұлытау облысының шекарасына дейін.
Ұлытау облысында:
- «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 216–424 шақырым аралығында, яғни Қызылорда облысының шекарасынан Жезқазған қаласына дейін қозғалыс ашылды.
Қарағанды облысында:
- «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 788–906 шақырым аралығында, Ұлытау облысының шекарасынан Топар кентіне дейін көліктің барлық түріне жүруге рұқсат берілді.
Жүргізушілерге жолға шығар алдында ауа райы болжамын және жол жағдайын ескеру ұсынылады.
