Әсет Ерғалиев президенттің кеңесшісі – стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мемлекет басшысының жарлығымен Әсет Арманұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі – стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды, — делінген Ақорда хабарламасында.
Айта кетейік, Әсет Ерғалиев бұрын ұлттық экономика министрі болған.
