Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Алматыда үйге заңсыз кіріп, күш қолданған күдіктілер ұсталды

Фото: Ерқанат Аманкел
Алматы полициясы заңсыз әрекеттер жасады деген күдікпен бір топ азаматты ұстады. Бұл туралы ПД хабарлап отыр.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, күдіктілер тұрғын үй-жайға заңсыз кіріп, иелеріне күш қолдану арқылы өз талаптарын орындатуға тырысқан. Олар сыртқы бейнесі атыс қаруына ұқсас затты пайдаланған.

Аталған әрекеттер азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген. Жедел-тергеу іс-шаралары барысында қылмысқа қатысы бар барлық тұлға ұсталып, қауіпті заттар заңсыз айналымнан тәркіленді. Факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.

Мақалаға реакция