Не болды?
Астана қаласындағы Тұран, Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылдарындағы кейбір аялдаманың атауы өзгерді. Бұл туралы CTS хабарлап отыр.
Мәлімет
- Ж.Нәжімеденов көшесіндегі «Сарыкөл көшесі» аялдамасы «Сағадат Нұрмағамбетов көшесі» деп өзгерді. Бұл аялдамадан №14, 50, 66 бағыттағы автобустар қатынайды.
- Тұран даңғылындағы «АЗС» аялдамасы «Кең дала» тұрғын үй кешені болып өзгерді. Бұл аялдамадан №6, 40, 42 бағыттағы автобустар жүреді.
- «ҚазМұнайГаз» ҰК аялдамасы «Қабанбай батыр даңғылы» деп аталды. Бұл аялдамадан №21, 28, 37, 52, 57, 70 бағыттағы автобустар қатынайды.
- Тұран даңғылындағы SVOY DOM аялдамасы «№97 мектеп-гимназия» болып өзгерді. Бұл аялдамадан №26, 27, 40, 42, 501 бағыттағы автобустар жүреді.
- Ш.Құдайбердіұлы даңғылындағы «Строймарт» гипермаркеті аялдамасы да «№97 мектеп-гимназия» деп аталды. Бұл аялдамадан №5, 5А, 9, 11, 15, 15А, 28, 44, 47, 48, 60, 64, 71 бағыттағы автобустар қатынайды.
- «Көктал-1» тұрғын алабындағы «Сұлукөл көшесі» аялдамасы «Көктал» мешіті» деп өзгерді. Бұл аялдамадан №32 бағыттағы автобус жүреді.
