Прокуратура әкесін ұрып-соққан азаматтың жазасын қатаңдатуды сұрады

Түркістан облысы Шардара аудандық прокуратурасы әкесін ұрып-соққан азаматқа шыққан үкімге келіспей, Жетісай аудандық сотына апелляция берді. Бұл туралы Түркістан облысының прокуратурасы хабарлап отыр.

Шардара ауданының прокуратурасы сот үкімімен келіспей, жазаны қатаңдату туралы апелляция берді, – делінген прокуратура хабарламасында.

Түркістан облысы Жетісай аудандық соты әкесін ұрып-соққан Алмас Садақбайды 5 жылға соттаған. Айыпталушы «Қинау» және «Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру» баптары бойынша кінәлі деп танылған.

Естеріңізге сала кетейік, бірнеше ай бұрын желіде баласы әкесін сабап жатқан видео тараған.  Кейіннен қарияның қайтыс болғаны белгілі болды. Марқұмның жаназасы 4 қыркүйекте шығарылған.

Көп өтпей қарияның ұлы Алмас Садақбай қамауға алынып, үстінен қылмыстық іс қозғалған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да