Серік Сәпи орынбасарымен болған оқиғаға қатысты пікір білдірді

Олимпиада чемпионы Серік Сәпи орынбасарымен болған оқиғаға қатысты алғаш рет пікір білдірді.

Боксшы әлеуметтік желіде тарап жатқан жағдайға байланысты түсініктеме беріп, мемлекеттік қызметкер ретінде әдеп қағидатын қатаң сақтайтынын айтқан.

Бала кезімнен бапкерлерім рингтен тыс жерде күш қолдануға болмайтынын үйретті. Өз мүмкіндігімді жақсы бағалаймын және әрбір іс-әрекетім үшін жауапкершілік арқалайтынымды толық түсінемін, – деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетейік, 23 қаңтарда Олимпиада чемпионы, Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиді орынбасары Дәурен Есімхан ұрып жібергені туралы ақпарат тараған.

Кейін Қарағанды облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты растады. Дәурен Есімханның үстінен «Денсаулыққа қасақана зиян келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Боксшы Серік Сәпи 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиадада алтын медаль алған. Дәурен Есімхан — жиу-житсудан әлем чемпионы, самбодан Азия чемпионатының жеңімпазы.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да