Бүгін, 2026 жылғы 23 қаңтарда Астанадағы мектептердің 0-6 класс оқушылары қашықтан білім алатын болды.
Бұл туралы қалалық білім басқармасы хабарлап отыр.
Бүгін қалада аяз түсіп, бірінші ауысымның 0-4 класс оқушылары онлайн форматқа ауысқан еді. Күн жылынбай, аяз күшейе түскен соң білім басқармасы екінші ауысымдағы алты класты да қашықтан оқу форматына ауыстырды, — делінген хабарламада.
