Астрофизиктердің мәліметінше, Күн жүйесіндегі тоғызыншы ғаламшардың бар екенін дәлелдейтін айғақ табылған. «Х Ғаламшар» көлемі жөнінен Нептунмен шамалас, ал газ көлемі Жер салмағынан 20 есе, диаметрі Жерден 2-4 есе үлкен.
© Caltech
Сонымен қатар, нысанның Күннен ең алыс жатқан ғаламшар — Нептун мен Жердің ара қашықтығынан 20 есе алыста екені белгілі болды. Астрофизиктердің айтуынша, «Х Ғаламшар» Күнді 10-20 жылда бір айналады.
© Caltech
Құпия ғаламшарды ғалымдар әзірше математикалық және компьютерлік модельдеу арқылы ғана тауып отыр. Олардың айтуынша, нысанды телескоп арқылы көру бес жылдан кейін ғана мүмкін болады.