Күнделікті тұрмыста қолданылатын зат нақты мәселені шешуге тиіс, қолдануға жеңіл болуы керек және ерекше күтімді талап етпеуі қажет. Бұл тізімге осы талаптарға сай, күнделікті қолдануға жарайтын техника, аксессуарлар мен құралдар кіріп отыр.
- Tuvia кофемашинасы – үйдегі кофені автоматты түрде дайындайтын құрылғы
Tuvio TCM23AA кофемашинасы — үйде эспрессодан бастап капучино мен латтеға дейін түрлі кофе дайындағысы келетіндерге арналған құрылғы. Сенсорлы дисплей арқылы сусынның көлемін, температураны, қоюлығын баптауға, сонымен қатар таймер мен интерфейс тілін өзгертуге болады. Бұл кофемашинаны бірнеше адам қолданатын отбасы үшін өте ыңғайлы.
Автоматты капучинатор сүт көбігін жылдам дайындайды және оңай тазарады. 19 бар қысымды помпа дәмнің қанық болуына әсер етеді, ал диірмен жаңа тартылған кофемен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Қосымшаның артықшылықтары – өзін-өзі тазалау жүйесі, кофе шығаруғға арналған алынбалы-салынбалы блок және Wi-Fi арқылы басқару мүмкіндігі. Сүйікті сусынды тіпті смартфонның көмегімен дайындауға болады.

2. Pragma Simso сүлгілер жинағы – табиғи мақтадан жасалған
Pragma Simso сүлгілері — тауардың материалы мен қаншалық сапалы екеніне мән беретін жандарға арналған жинақ. 100% түрік мақтасынан тоқылған жоғары тығыздықты түкті сүлгі ылғалды жақсы сіңіреді, тез кебеді және қанша жуылса да, жұмсақ күйін сақтайды.
Жинақта сүлгінің 50×90 см және 70×140 см деген екі түрі бар. Яғни қол сүрткенге де, моншаға ала баруға да болады.
Арнайы ілгіші сақтау мен кептіруді жеңілдетеді, ал OEKO-TEX сертификаты материалдың қауіпсіз екенін растайды. Заманауи дизайны ванна бөлмесінің интерьеріне табиғи түрде үйлеседі.

3. COMMO 65W Multi Charger – бірнеше гаджетке арналған әмбебап қуаттағыш
COMMO 65W Multi Charger – бірнеше құрылғыны зарядтайтын бір ғана блок іздейтіндерге арналған практикалық шешім.
GaN-технологиясының арқасында қуаттағыш қызбайды, ықшам болып қала береді және тиімді түрде қуаттайды. 65 Вт-қа дейінгі қуаты ноутбук, планшет және смартфонды бірдей зарядтауға жеткілікті.
Екі USB-C және бір USB-A порты түрлі кабель мен гаджетті бір уақытта қосуға мүмкіндік береді. Multi Charger бірнеше құрылғыны қатар қуаттап, жылдамдықты автоматты түрде реттейді. Үйде де, кеңседе де, сапарда да алып жүруге ыңғайлы гаджет.
- Junion «Ғажайып экспресс» теміржолы – сюжетке негізделген балалар ойыны
Ағаштан жасалған Junion теміржолы 3 жастан асқан балаларға арналған. Баланың өзі ойнаса да, ата-анасымен бірге қолданса да қолайлы. Табиғи ағаш бөлшектері мықты әрі қауіпсіз, ал магнитті бекіткіштер вагондарды оңай жалғап, ажыратуға мүмкіндік береді. Бұл баланың моторикасы мен қозғалыс дамуына көмектеседі.
32 бөлшектен тұратын жинақ бірден толық маршрут құрастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ойыншықты басқа ағаш теміржолдармен қосып, үйлестіріп ойнауға болады.
Мұндай ойыншық баланың қиялын, сюжет құру қабілетін, шыдамдылығын дамытады.

- Nocord NCD-20 бұрғы-бұрағышы – жөндеу мен жинауға арналған әмбебап құрал
Аккумуляторлы Nocord NCD-20 бұрғы-бұрағышы – үйдегі жөндеу жұмыстарына, жиһаз жинау немесе саяжайдағы шаруаға арналған әмбебап құрал.
20 В батареямен жұмыс істейді және екі аккумулятормен бірге келеді (2,0 А·сағ). Бұл ұзақ уақыт үзіліссіз жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Кейс ішінде сан түрлі 20-дан астам керек-жарақ бар.
Екі жылдамдығы және айналуды реттеу – материалды бүлдірмей нақты жұмыс істеуге көмектеседі. Жұмыс аймағын жарықтандыратын шамы қараңғы жерде ыңғайлы болады, ал сырғанамайтын резеңке тұтқасы құралды мығым ұстауға жәрдемдеседі.
Бұл тізімге кірген тауарлардың ортақ тұсы бір: барлығы күнделікті қолдануға арналған, түсінікті, сенімді және нақты тұрмыстық шаруаны шешеді.
