Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Оңтүстік Кореяның экс-президенті 5 жылға сотталды

Фото: РИА Новости
Оңтүстік Корея соты елдің бұрынғы президенті Юн Сок Ёльді сот төрелігіне кедергі келтірді деген айыппен бес жылға бас бостандығынан айырды.

Бұл туралы Yonhap агенттігі хабарлап отыр.

Соттың мәліметінше, Юн Сок Ёль 2025 жылғы қаңтар айында тергеушілердің оны қамауға алу әрекетіне әдейі кедергі жасаған. Аталған іс бойынша прокуратура экс-президентке 10 жыл түрме жазасын сұраған болатын. Алайда сот жазаны бес жылмен шектеді.

Еске салайық, Юн Сок Ёль 2024 жылғы желтоқсанда елде қысқа мерзімді әскери жағдай енгізгеннен кейін бірқатар ауыр айыптауға іліккен. Бұған дейін Оңтүстік Корея прокуратурасы оны бүлік ұйымдастырды деп айыптап, тіпті өлім жазасын тағайындауды талап еткен еді.

Юн Сок Ёльдің ісі ел ішінде де, халықаралық қауымдастық арасында да үлкен резонанс тудырды. Сарапшылар бұл үкімді Оңтүстік Кореяның құқықтық жүйесіндегі бұрын-соңды болмаған оқиғалардың бірі ретінде бағалап отыр.

Мақалаға реакция