Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёль сотқа шағым түсірді

Оңтүстік Кореяның экс-президенті Юн Сок Ёль билікті асыра пайдалану және мемлекеттік органдарға кедергі жасау істерін қарайтын Сеул орталық аудандық сотына шағым түсірді.

Бұл туралы ТАСС оңтүстіккореялық БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлап отыр.

Сотта Юн Сок Ёль өзін қорғау құқығын және денсаулық жағдайын алға тартқан.

БАҚ мәліметінше, қаңтар айында бұрынғы президент өзінің қауіпсіздік қызметіне тұтқындауға жол бермеуді тапсырған.

Қазіргі уақытта кепіл туралы өтінішті қарау күні белгіленген жоқ. Юн Сок Ёль 2024 жылғы 3 желтоқсандағы әскери жағдайға байланысты бүлік ұйымдастырды деген айыппен 10 шілдеден бері қамауда отыр. Бұған дейін, сәуір айында Конституциялық сот оны биліктен шеттеткен болатын.

Еске салайық, Юн Сок Ёль қаңтар айында бүлікке қатысты тергеу аясында алғаш рет қамауға алынған. Наурызда сот прокурорлардың ресми айыптауды кешіктіруіне байланысты оны босатқан еді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да