Не болды?
2026 жылғы рейтиңде Қазақстан паспорты 61-орында тұр. Бұл туралы Henley & Partners хабарлап отыр.
Мәлімет
Ол әлем елдері паспорттарының рейтиңін 20 жылдан бері жыл сайын жаңартып келеді. Оған 199 ел паспорты қатысады. Басты талап – визасыз кіруге болатын елдер санының мейлінше көп болуы.
Қазақстан 2025 жылғы 65-орыннан биыл 61-орынға көтерілген. Оған визасыз кіруге болатын елдер саны 78-ге жетуі себеп болған (былтыр визасыз 77 елге кіруге болатын). Осы көрсеткішпен еліміз Орта Азия елдері арасында көш бастап тұр. Қазақстан паспортымен қай елдерге визасыз баруға болатын Egov сайтынан қарап білуге болады.
Рейтиңде Сингапур (192 ел), Жапония мен Оңтүстік Корея (188 ел), Дания, Люксембург, Испания, Швеция және Швейцария (186 ел) елдері көш бастап тұр. Ең соңғы орында Ауғанстан (24 ел).
Контекст
Естеріңізге салайық, жуырда Қазақстан Республикасының паспортының дизайны өзгереді деп мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин мәлімдеген еді.
