ЕО-ға кірмейтін ел туристері үшін Луврға кіру қымбаттайды

Не болды?

2026 жылғы қаңтардан бастап Еуропалық одаққа кірмейтін елдерден келгендер үшін Лувр музейіне кіру билеті 22 еуродан 32 еуроға дейін қымбаттайды. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлап отыр.

Мәлімет

2025 жылғы 19 қазанда король әшекейлерінің ұрлануынан кейін ғимаратты қайта жаңғырту жұмыстары басталған. Лувр директоры Лоранс де Кардың айтуына қарағанда, 1980-жылдары жүргізілген кейінгі, ауқымды реконструкция бүгінде техникалық тұрғыдан ескірген. Билеттен түскен артық қаражан жөндеу жұмыстарын қаржыландырады.

Кіру билетінің бағасы

Бұл музейді жөндеу және жаңғырту жұмысына байланысты қабылданған шешім. Қаңтар айынан бастап билет құны 22 еуродан 32 еуроға дейін өседі (шамамен 13 мың теңгеден 19 мың теңгеге дейін).

Луврға кім көп барады?

2024 жылы Лувр музейіне 8,7 миллион адам келген. Олардың 77%-ы шетел туристері. Келушілердің ең көбі АҚШ (13%), Қытай (6%) және Ұлыбритания (5%) азаматтары болған. Бағаның өсуі дәл осы санаттағы туристерге әсер етеді.

«Луврдың жаңа ренессансы» атты жоба 800 миллион еуроға дейін бағаланып отыр. Жоспар аясында инфрақұрылымды жаңарту, музей залдарындағы жүктемені азайту, 2031 жылға қарай «Мона Лизаға» арналған жеке галерея ашу көзделген.

Анықтама

Лувр — әлемдегі ең көп турист баратын музей. Онда әртүрлі өркениеттердің, мәдениеттер мен дәуірлердің өнер туындылары сақталған. Музей қорында шамамен 300 мың экспонат бар. Олардың тек 35 мыңы ғана көрме залдарында қойылған. Негізгі көрнекті туындылар — Леонардо да Винчидің «Мона Лиза» картинасы мен антикалық мүсіндер: Милос Венерасы және Самофракиялық Ника.

Контекст

Луврдағы даулы ұрлық туралы деректі фильм түсіріледі.

Луврда жаңа дау шықты: блогерлер музейге өз портретін іліп кеткен.

Лувр 2026 жылға дейін бейнебақылауды үш есе күшейтеді.

Луврды тонады деп күдікке ілінгендердің бәрі қамауға алынды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да