Түркістан облысында бір отбасының 3 адамы иіс тиіп қаза болды

Түркістан облысы Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылындағы жеке тұрғын үйде бір отбасының үш мүшесі улы газдан қаза болды.

Бұл туралы Түркістан облысы ТЖД хабарлап отыр.

Олардың бірі — анасы, екеуі — бала. Зардап шеккен тағы бір бала бүгін ауруханадан шығарылды.

ТЖД мәліметінше, төрт адам уланған. Олардың үшеуі оқиға орнында қайтыс болды. Аман қалған бір бала бірден жан сақтау бөліміне жеткізілген.

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, оқиға қатты отынмен жұмыс істейтін жылыту пешін пайдалану ережелерінің бұзылуынан болған. Нақтырақ айтқанда, түтін шығару арнасы тазаланбаған. Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп, болған жағдайдың барлық мән-жайы анықталып жатыр, – делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да