Басты бет / Жаңалықтар /
мешіт
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Алматы тұрғыны мешіттерде ұрлық жасаған

Алматыда мешіттерде ұрлық жасаған ер адам ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлап отыр.

Күдікті жамағаттан ұялы телефондар, әмияндар және өзге де жеке заттарды жасырын түрде ұрлағаны анықталды.

Намаз уақытын пайдаланып, адамдардың бейқамдығын аңдып, қылмысты жасырын жүзеге асырған. Қазіргі таңда күдіктінің қылмыстық әрекетінің бірнеше эпизоды дәлелденді, — дейді полиция.

Оның осыған ұқсас басқа да ұрлықтарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram