Не болды?
Франция халқына кеңінен мәлім Pekin Express телешоуының «Мұзды жол» деп аталған жаңа қысқы маусымы Қазақстанда түсірілді. Бұл туралы Алматы әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Мәлімет
Түсірілім жұмыстары былтыр көктем мезгілінің басында өтті. Жобаға шамамен 70 адам қатысқан.

Бұл маусым тележоба тарихындағы айтулы оқиғаға айналды. Бағдарлама тұңғыш рет бір ғана ел аумағында әрі қыс мезгілінде түсірілді. Түсірілім тобы Алматының негізгі нысандарын аралады. Олардың қатарында Вознесенский соборы, Орталық мемлекеттік музей, Республика сарайы, Орталық парк, Астана алаңы, Амангелді Иманов сквері және Байкен мешіті бар, – деп жазған қала әкімдігі.
Ақпарат
Pekin Express – Франциядағы ең танымал тележобалардың бірі. Шоудың орташа көрермендер саны бірнеше миллион адамға жетеді. Әдетте маусым эфирге шыққан соң Франциядан келетін туристер саны дәстүрлі түрде кемінде 15%-ға артады.
