Не болды?
Елімізде жұртшылық пайдаланып жүрген кейбір шайларды әкелуге және сатуға тыйым салынды. Бұл туралы ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлап отыр.
Мәлімет
Сараптама жүргізу арқылы олардың құрамында тағам бояғыштары (E110), тартразин (E102), понсо 4R (E124) бар екені анықталды. Шай дайындау барысында оларды қолдануға болмайды. Оған қоса, шай қаптамаларында өндірушілердің жалған мекенжайы көрсетілген. Яғни, шын мәнінде өндірушіде шай жасауға рұқсат беретін құжат толық емес, немесе мүлдем жоқ.
ҚР бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2026 жылғы 5 қаңтардағы № 1-ПГСВ қаулысымен талапқа сәйкес келмейтін шайды әкелуге және сатуға тыйым салынды, – делінген хабарламада.
Төмендегі қара шай атауларын сатуға тыйым салынды:
- «Апамның шәйі Premium gold», Al-Hayat Golg, «БАЛҚИЯ Premium gold», өндірушісі Orda Trade Astana ЖШҚ (Алматы облысы) өндірісі;
- Sultan Suleyman, Pakistan tea, өндірушісі Real Trade Astana ЖШҚ (Астана қ.);
- «БАЛҚИЯ Premium gold», өндіруші «Аль-Хадия» ЖҚ (Алматы қ.);
- Aje Onim, өндіруші «Орда Чай» ЖҚ (Алматы қ.) «Кальций» ЖШС тапсырысы бойынша;
- Al-Hayat Golg, өндіруші Empire KENIY E.P.Z. Limited (Алматы облысы);
- Al-Jannat Premium, өндіруші Ferdaus ЖҚ (Алматы қ.);
- Alfarah (өндірушісі қаптамада көрсетілмеген).
